Біз туралы

Тілеп жеке қайырымдылық қоғамдық қор 2004 жылы 9 наурызда тіркелген болатын. Қор - саяси және коммерциялық мақсаттары жоқ,  қоғамдық үкіметтік емес ұйым болып табылады.

 

Қордың мақсаттары: мәдени-танымдық, жарнама-баспа шығару ісі, қайырымдылық мақсаттарға бағытталған демеушілік көмек ұйымдастыру.

 

Қордың ұйымдастыруымен келесі шаралар өткен:

- Көптеген қонцерттік бағдарламаларды қаржыландыру; соның ішінде  КазНАМ студенттерімен ұйымдастырылған халық аспаптарында ойнайтын Тілеп атындағы ансамбль; Владимир Спиваков атындағы Халықаралық қайырымдылық қорының лауреаты Мәскеу қаласы, «Тлеп» қобызшылар квартеті, 2005 ж.

Сидней қаласында Австралия өткен Халықаралық фестивальдың лауреаты, 2006 ж. Испания.  КазНАМ студенттеріне (12 адам) әр сайынғы стипендиясын төлеу, олардың жолсапарлары, видеоклиптері мен костюмдерін төлеу. Халық аспаптарында ойнайтын ансамбльдің 5 концерттің ұйымдастырылуы, симфониялық оркестр, хор мен қобызшылардың «Ұлы даланың Музыкасы» атты концерті;

- «Астана - 2005» (Астана қ. 23.10-26.10.2005 ж) және «Астана - 2006» (қыркүйек 2006 ж.), «Астана-Тлеп-2007» (қыркүйек 2007 ж.) атты қазақ әнінің халықаралық конкурсының Бас демеушісі.

- «Шабыт» Республикалық конкурсының сегіз номинациясы бойынша сыйлармен марапаттау, Астана қаласындағы К. Бәйсеитова атындағы вокалистер конкурсындағы қатысушыларға екі сый табыстау, БҚО-ның Орал қаласында өткен Халықаралық скрипкашылар конкурсында ҚР композиторлерінің шығармаларын үздік орындаған орындаушыларға екі сый және Республикалық  Ақындар айтысында бір сый,  Құрманғазы атындағы конкурста сегіз сый табысталған болатын;

- Қазақстан, Таяу Шығыс, Кипр, Монғолия, Солтүстік Африка және Еуропа бойынша ғылыми экспедицияларды қаржыландыру;

- Кәсіптік шығармашылық ұжымдарға және хор мен орган, симфониялық оркестрмен орындалатын музыкалық драмалар мен шығармаларды шығаруға композиторларға көмек көрсету;

- Ұлыбританияның композиторы Карл Дженкинстың музыкалық шығармасының негізінде қазақ фольклоры - қобыз бен домбыраның шығармаларын өңдеп шығару, Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен «Sony Classic» студиясында компакт дискілерді шығарып, оның презентациясы Альберт холлда (Лондон қ.), Токио (Жапония), Астана (Қазақстан) және Әлемнің т.б. қалаларында үлкен шараларды ұйымдастырған болатын.

- Қазақстанның белгілі азаматтары мен тарихи тұлғалардың суреттік бейнесін жасауға жас әрі дарынды суретшілерге көмек, сонымен қатар ақын, жазушы, тілшілердің шығармаларын, кітаптарын, журналдарын, газеттерін шығаруға және шығармашылық концерттерді өткізуге көмек көрсету;

- Астана қаласындағы «Тілеп Қобыз Сарайы» концерт залының салынуы;

- Ақын, жазушы Несіпбек Айтұлының «Тілеп және Сарықыз» поэмасы бойынша осы заманауи аттас балеттің қойылуы. Дарынды композитор – Алмас Серкебаев, балетмейстер - Эдвард Розинский (АҚШ), коюшы-хореограф Роберт Норс (АҚШ).

- Қазақстан мен шетелдерде  этно-фольклорық музыканы насихаттау мақсатында «Көк түріктер» атты этно-фольклорлық ансамбльдің құрылуы;

- «Алматы симфониялық оркестрімен» Марат Бисенгалиевтің бастауымен және де белгілі ағылшын композиторы, дирижері Карл Дженкинстің қатысуымен «Тлеп», «May night» («Абай», «Шакарим», «Сарыкыз») сюиттардың Қазақстандық премьерасын  «Астана Опера» Мемлекеттік  опера және балет театрынде ұйымдастыру;

- Таяу және Алыс шетелдерден шақырылған 16 ел мен  Қазақстан Республикасының шақырылған «Тарих және Мәдениет» атты этникалық мәдениеттердің қатысуымен өткен Халықаралық Фестивальдің ұйымдастырылуы (2015 ж.);

- Тілеп Аспантайұлы атындағы I Халықаралық байқау ұйымдастырылуы (2016 ж.);

- «The spirit of Desht-I-Kipchak» атты Халықаралық фестиваль ұйымдастырылуы (2017 ж.);

©2018.  tlep.kz