Ережелер 2018

 

Тілеп Аспантайұлы атындағы II Халықаралық қобызшылар байқауын ұйымдастыру және өткізу

ЕРЕЖЕЛЕРІ

(шекті ысқылы халық аспаптар орындаушыларына)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы елордасы – Астана қаласының 20 жылдық мерейтой аясында Тілеп Аспантайұлы атындағы II Халықаралық кобызшылар байқауы (әрі қарай - Байқау) өткізілуде.

2. Осы ережелер байқаудыңтәртібін, мақсаттарын, міндеттерін, жүргізу және қаржыландыру ретін анықтайды.

3. Байқау Қазақстан Республикасы аумағында, Астана қаласында өткізіледі.

4. Байқаудың құрылтайшысы және ұйымдастырушысы –Тілеп Аспантайұлы атындағықайырымдық коры.

 

Байқауға қатыса алатын елдер:

 

• Әзірбайжан Республикасы;

• Армения Республикасы;

• Беларусь Республикасы;

• Болгария Республикасы;

• Германия Федеративтік Республикасы;

• Грекия Республикасы;

• Грузия;

• Мысыр Араб Республикасы;

• Үндістан Республикасы;

• Иран Ислам Республикасы;

• Италия Республикасы;

• Казақстан Республикасы;

• Қытай Халық Республикасы;

• Қырғыз Республикасы;

• Ливан Республикасы;

• Литва Республикасы;

• Молдава Республикасы;

• Моңғолия;

• Польша Республикасы;

• Ресей Федерациясы: Алтай Республикасы, Тыва Республикасы, Татарстан Республикасы, Хакасия Республикасы, Саха Республикасы (Якутия), Дағыстан Республикасы, Қабарда-Балқария Республикасы, Қарашай-Шеркес Республикасы, Қырым Республикасы, Башқұртстан Республикасы;

• Румыния;

• Сирия;

• Тәжікстан Республикасы;

• Түрікменстан;

• Түркия Республикасы;

• Өзбекстан Республикасы;

• Украина;

• Финляндия Республикасы;

• ФранцияРеспубликасы;

• ХорватияРеспубликасы;

• Швеция Патшалығы;

• ЭстонияРеспубликасы;

• Корея Республикасы;

• Жапония.

 

2. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:

 

1. Байқаудың басты мақсаттары – қобызшылардың орындау шеберлігін жетілдіру, халықаралық мәдени байланыстарды нығайту, ерекше дарынды және келешегі бар орындаушыларды табу, ішекті халық аспаптарындағы орындаушылықты дамыту, және Қазақстан музыкалық өнерін насихаттау.

2. Байқаудың міндеттері:

• Халықаралық байқау шекті ысқылы халық аспаптары номинациясында жүргізіледі (қобыз, хур, кырыымпа, моринхур, игил, икили, бызанчи, хучир, эрху, хэгым, гиджак, лижерика, кеманча, хуцинь, гадулка, топшур, гудок, рабанастр, дошпулуур, хомус, шечепшин, абхарца, баньху, қыл қияқ-қобыз, кабак кеман, кеменче, йоухикко, ребаб, рабаба, тальхарпа (тагельхарпа, стакхарпа), никельхарпа және тағы да ұқсас);

• Қобызшылардың эстетикалық, гуманистік және отансүйгіштік сезімдерін тәрбиелеу;

• «Қобыз» музыкалық аспабындағы орындаушылықты әйгілеу;

• Өзін-өзі таныту және көпшілікке танылу мүмкіндіктерін көбейту;

• Кәсіби және мәдени байланыстарды дамыту және нығайту, республикадағы музыкалы-педагогикалық ағарту сапасын арту, педагогтар мен ұжымдардың арасындағы тәжірибе алмасуына жәрдемдесу;

• Орындаушылардың репертуарын жаңа шығармалармен байыту, қобызшылардың шығармашылығын ынталандыру.

 

3. Байқау қатысушылары

 

1.Байқау музыкалық жоғарғы оқу орындарының халық бөлімінде оқитын және кәсіпқой орындаушылардың арасында өткізіледі.

2. Байқауға қатысушы өз елінің жалғыз шекті ысқылы халық аспабында өнер көрсетуге құқығы бар. Әр елдің байқаға қатысушылар саны сол елдің шекті ысқылы халық аспаптарының санына тең.

3. Қазақстан байқауға 16 қатысушыға дейін ұсына алады.

 

4. Байқауды өткізудің тәртібі

 

1. Байқауға 18 жасқа толған музыканттар қатыса алады

2. Байқауға қатысуға концерттік өнер көрсету тәжірибесі бар, және өзін ұлттық, өңірлік және халықаралық байқаулар мен фестивальдарда танытқан орындаушылар шақырылады.

3. Бірінші айналымда қатысушылар Тілеп Аспантайұлының берілген үш шығармасының біреуін орындайды: «Бақсы», «Аллам жар», «Толғау» (ноталар тіркелген).

4. Екінші айналымда қатысушы өз елінің шығармасын орындайды.

5. Әр орындау 4 минуттан аспауы керек.

6. Бағалаудың басты белгілері: көркем орындаудың деңгейі, техникалық шеберлік, стильдік ерекшеліктердің иелігі, әртістік.

 

Қатысу ережелері:

1. Қатысу үшін 2018 жылдың « 30 » шілдесіне дейін ұйымдастыру комитетінің мекенжайына келесі құжаттарды жіберу қажет:

 * қатысуға өтінім (№1 қосымша);

 * қатысушының шығармашылық биографиясы;

 * сахналық кәстөмдегі жоғары сападағы фотосурет;

* төлқұжаттың көшірмесі;

* кез келген шығарманы музыкалық аспаппен орындаған 3-4 минуттық бейнематериалы;

Ескерту: Жоғарыда баяндалған қатысуға өтінімді ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына немесе берілген мекенжайға жіберу қажет:

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Керей және Жәнібек хандар көшесі, 18, «Тілеп қобыз Сарайы» концерт  залы, «Самал» БО; 507 каб,

e-mail: kobyz-2016@mail.ru, tlepkobyz@gmail.com

 

2. Егер сауалнамадағы деректер сәйкес келмесе, ұйымдастыру комитеті қатысушыны байқаудан шығаруға құқығы бар.

3. Қатысушылардың алдын ала іріктеуін ұйымдастыру комитеті сырттай тыңдау қорытындысы бойынша жүзеге асырады және байқауға дейін 1 ай бұрын ресми хат арқылы қатысуды растайды.

 

БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУДІҢ ТӘРТІБІ:

1. Конкурсантты тіркеумен байланысты тамақтану, Астана қаласында тұрақтау, қала ішіндегі көліктің шығындары ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.

2. Кіші топ қатысушылары тек бір сүйемелдеуші тұлғамен келе алады (продюсер, әкімгер және т.б.). Ұйымдастыру комитеті кіші топ қатысушының сүйемелдеуші тұлғасымен байланысты мекендеу және тамақтану шығындарын өтейді.

3. Ересек топтың сүйемелдеуші тұлғасы шығындарын өзі өтейді.

4. Астана қаласына дейінгі және кері бағыттағы көлік шығындары бағыттаушы тарапқа немесе қатысушының өзіне жүктеледі.

5. Байқауды өткізу уақытында барлық қатысушылар және оларды сүйемелдеуші тұлғалар ұйымдастыру комитетінің анықтауы бойынша бір қонақүйге тұрақтап, қала ішінде қозғалыс үшін автобуспен қамтамасыз етіледі.

6. Медициналық сақтандыруды қатысушының өзі және бағыттаушы ел қамтамасыз етеді.

7. Қажет болған жағдайда, байқау дирекциясы виза алуға көмектеседі(хат, шақыру жазу және т.б.).

 

5. Байқауды өткізу мерзімдері және орны

 

1. Байқауды өткізу мерзімдері: 2018 жылдың «11» мен «14» қырқүйек аралығы

2. Өткізу орны: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Керей және Жәнібек хандар көшесі, 18, «Тiлеп Қобыз Сарайы» концерт залы.

 

6. Қазылар алқасы

 

1. Қазылар алқасы халықаралық танылған және байқаудың идеясын таратуға мүмкіншілік жасайтын, қатысушылардың менеджері немесе продюсері болып табылмайтын, мәдениет қайраткелерінен, танымал орындаушылардан, композиторлардан, продюсерлерден, шығармашылық интеллигенция өкілдерінен құралады.

2. Қазылар алқасының сандық құрамы –9 адамнан артық емес, оның ішіне қазылар алқасының төрағасы, қазылар алқасының жауапты және техникалық хатшысы кіреді. Қазылар алқасының төрағасын байқаудыңұйымдастыру комитеті бекітеді.

3. Қазылар алқасы орындауды 10 балдық жүйе бойынша бағалайды. Ең аз балл «4» (төрт) балл.

4. Орындау бағалауының шартын қазылар алқасы бірінші байқау басталғанға дейінгі ұйымдастыру отырысында анықтайды.

5. Қазылардың дауыс беру нысаны – ашық (электрондық).Қазылар алқасы мүшелері әр қатысқан күні әр қатысушының орындауы аяқталған соң дауыс береді. Дауыс беру нәтижелері сахнадағы ЛЭД дисплейде көрінеді және көпшілікке жарияланады. Екі күннің нәтижелері қосылады. Қатысушылардың ішінен екі күнде балл саны жоғары қатысушылар «Гран-при», Лауреаттар және байқау Дипломанттары деп жарияланады.

6. Байқаудың «Гран-при» иегеріне үміткер болып екі күннің қорытындысы бойынша аса жоғары балл қорытындысын жинаған қатысушы саналады. Гала-концертте ол Тілеп Аспантайұлының қобызында (250 жыл) ойнауы керек.

7. Қазылар алқасы байқауға қатысушылар арасында тең үлес жинағанда немесе балл айырмашылығы аз болған (2 баллға дейін) жағдайында сыйақыны («Гран-при» мен 1-ші сыйақыдан басқа) бөлуге құқығы бар. Егер қазылар алқасының шешімі бойынша, сыйақыны тағайындауға лайықты қатысушыны анықтау мүмкін болмаса (оның ішінде «Гран-при» де), онда сыйлық берілмейді.

8. Қазылар алқасының отырыстары жабық, біршешімді және қайта қарауға болмайды.

9. Қазылар алқасының шешімдері хаттамамен рәсімделеді. Қазылар алқасының хаттамалары мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі және Байқау дирекциясында тұрақты сақталады. Өз қызметі бойынша қазылар алқасы осы Ереженің аясында әрекет етеді.

 

7. Сыйлықтар мен марапаттаулар

 

1.Байқаудағы орындаулардың нәтижелері бойынша жүлделері мен сыйлықтары:

«Гран-при» – арнайы жүлде және «Гран-при» иегерінің дипломы, 5000 АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай сыйақы.

«1-ші сыйақы» – арнайы жүлде және байқау Лауреатының дипломы («1-ші сыйлық иегері»),3000 АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай сыйлық.

«2-ші сыйақы» – арнайы жүлде және байқау Лауреатының дипломы («2-ші сыйлық иегері»),2000 АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай сыйлық.

«3-ші сыйақы» – арнайы жүлде және байқау Лауреатының дипломы («3-ші сыйлық иегері»), 1000 АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай сыйлық.

 

2. Лауреат атағына лайық болмаған қатысушы Байқау дипломанты атағын иеленіп, дипломмен марапатталады.

3. Ұйымдардың, бірлестіктердің, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, көрнекті қайраткерлердің тағайындаған арнайы сыйлықтары мен жүлделері ұйымдастырушы комитетінің және қазылар алқасының келісуімен жүзеге асырылады.

 

8. Айрықша жағдай

 

1. Қатысушы өтініш етілген туындыларды пайдалануға арналған құқығы бар екендігіне кепілдік береді. Авторлық қоғамдықтар және басқа қорғаушы ұйымдармен авторлық және сабақтас құқықтар бойынша барлық өзара қатынастар қатысушыларға жүктеледі.

2. Байқауға қатысушы (Лауреат, Дипломант) Байқау Дирекциясынакелесіге құқық береді:

* шығармаларды жариялауға (Байқауға ұсынылған материалдар),және ақпараттық, жарнамалық және өзге мақсаттарда таратуға;

* байқау аясында өткен барлық орындауларды кез-келген тәсілмен және кез-келген БАҚ арқылы жариялауға;

* жарнама және өзге жолдар арқылы тарату мақсатында байқау аясындағы концерттік орындаулар негізінде аудио және бейне өнімдерді шығаруға құқық береді;

* аталған өкілеттіктер барлық әлемге таралған (әрекет етеді).

3. Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар гала-концертке қатысуға және Байқауды ұйымдастырушы ұсынған шығармаларды орындауға міндетті.

 

9. Қорытынды ереже

 

1. Байқауға қатысу аталған Ереженің қағидаларын толық және сөзсіз қабылдауды білдіреді.

2. Аталған Ереженің қағидаларын орындамаған жағдайда Байқауға қатысушы қатысу құқығынан айырылады.

3. Келесі себептер қатысу құқығынан айырады:

* аталған Ереженің қағидаларын бұзу;

* байқау имиджіне зиян келтіру;

* қатысушының жаттығуларда жоқтығы;

* жаттығулардағы жоспарланған орындаулардан ауытқу;

* авторлық құқықтарды бұзу, қазылар алқасымен, ұйымдастырушылармен, демеушілермен жанжалдасу;

* артықшылықтар алу мақсатында қазылар алқасына, ұйымдастырушыларға, демеушілерге қысым көрсету;

* ұйымдастыру комитетіне, қазылар алқасының мүшелеріне, көрермендерге қатысты  әдепсіз немесе дөрекі мінез көрсету;

* құқықтан айыру туралы шешімді байқауды ұйымдастырушы комитет қабылдайды.

 

БАЙҚАУ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:

№1 қосымша - «Қатысуға өтініш»

№2 қосымша - «Байқау бағдарламасы».

 

Ұйымдастыру комитеті:

e-mail: kobyz-2016@mail.ru, tlepkobyz@gmail.com

+7 (7172) 546662; +77014703519 (ұялы телефон)

©2018.  tlep.kz